Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ed7c217ced44873ab4f4fe36c326d9cdҚазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға дайындық ясында ардагерлер бірлестіктерінің «Міндет» атты республикалық ұйымдастыру комитеті құрылды. Бұл туралы «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Рустем Қайдаров хабарлады.

«13 шілдеде «Генералдар кеңесі», Ұлы Отан соғысының ардагерлер кеңесі, ауған соғысының ардагерлер кеңесі, чернобыльдықтар, күш құрылымдарының — қорғаныс министрлігі, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің -ардагерлер ұйымдарының жетекшілері жиналып, Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу үшін ардагерлер бірлестіктерінің республикалық ұйымдастыру комитетін құрдық. Біз ол бірлестіктің атын «Міндет»  деп атадық», — деді Р. Қайдаров «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу үшін» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде Ауған соғысы және локалдық  соғыстарының ардагерлер ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров ұйымдастыру комитетінің мақсаты Жеңістің 70 жылдығын лайықты тойлау үшін барша Қазақстан азаматтарының күш жігерін жұмылдыру екенін жеткізді.

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: