Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)Осы жылдан бастап Қазақстанда жаңа санат пайда болды – олар еңбек мигранттары және әрбір жеке тұлға бес мигрантқа дейін ұстауға құқылы. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен брифинг барысында көші-қон комитетінің төрағасы Саламат Аманбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Биылдан бастап Қазақстанда жаңа санат пайда болды – олар еңбек мигранттары. Бұрын ондай болмаған еді. Осыған сәйкес қабылданған заң бойынша, Қазақстан Республикасында еңбек етуге тікелей рұқсат беріліп отыр. Жазда таяу шетелден, атап айтқанда: Өзбекстан мен Қырғызстаннан елімізге көптеген еңбек мигранттары келеді. Олардың көбі заңсыз еңбектеніп, тапқан табыстары, сәйкесінше, мониторингті тыс айналып өтіп жатты. Міне, осы бағытты бір жүйеге келтіру үшін жаңа заң қабылданып отыр», — деді Саламат Аманбаев.

Оның айтуынша, осы жылдан бастап әрбір жеке тұлға бес еңбек мигрантын ұстауға құқылы.

«Яғни заң жүзінде олар өз қызметін үй шаруасында: құрылыста, өсімдік шаруашылығында жүзеге асыра алады. Әр мигрантқа екі АЕК көлемінде табыс салығы төленеді және жеке тұлғамен арада қызмет көрсету бойынша бекітілген шартқа сәйкес еңбек мигранты өз қызметін жүзеге асыруға құқылы», — деп атап өтті С. Аманбаев.

 

http://alashainasy.kz/economica/50963/

Рубрика: