Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Бауыр еті балаларын тастап, шетелге жұмыс іздеп кеткен адамдарды ата-ана құқығынан айыту керек. Бұл мәлімдемені Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ырғал Қадыралиева жасады», – деп хабарлайды КирТАГ.
«Менің ойымша, өз балаларын тастап, шетелге жұмыс істеуге кеткен мигранттарды ата-ана құқығынан айыру керек деп есептеймін», —  деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі күн елдегі балалар үйі мен интернаттар шетелге кеткен жұмыскерлердің балаларымен толып қалған.

«Қазір балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың ата-аналары бар. Олар өз перзенттерін «уақытша» деп тастап кеткен. Жалпы, ел бойынша балалар үйінде 11 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Ал шын мәнісінде, олардың 3 мыңы ғана тұл жетімдер», — дейді депутат.

Депутаттың атап өтуінше, мемлекет ата-анасы тірі тұрғанына қарамастан, ол балаларды асырап бағуға қомақты қаржы бөлім отыр.

«Балаларын «уақытша» тастап кеткен ата-аналардың бірі мемлекетке көмектесіп отырған жоқ. Сондықтан, оларды ата-ана құқығынан айыру керек. Сонда басқа бала асырап алғысы келетіндерге мүмкіндік береміз. Болмаса балаларын тастап кеткендер сол перзенттерін асырауға қажетті қаржыны мемлекет қазынасына төлесін», —  деген Ы.Қадыралиева.

 

ҚазАқпарат

Рубрика: