Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

pensionerkuiznas Астана. 20 қыркүйек. Baq.kz — Көптеген адамдардың, әсіресе жұмыстағылардың кей сәтте қатты шаршап, миы ашитыны бар. Бәлкім, бұл құбылысты күйзелістің бір түрі десек те болар. Алайда, көбіміз кейде шыр-пыр болып, миымыз ашып жатса да, оған соншалықты мән бере қоймайтынымыз шындық. Дәрігерлердің айтуынша, мидың ашуы немесе қатты күйзелістің соңы адамды ақылдан адастырып, бірнеше жылғы өмірін «жалмап» қояды екен. Ендеше, ми аши бастағанда не істеу керек? Мамандар кеңесіне құлақ түрелік…

 

1. Ең алдымен өзіңізге жүктелген ауыр жүкті жеңілдету керек. Ол үшін бүгін тындыруға тиісті міндеттерді қағазға тізіп, соның ішінен тек маңыздыларын ғана қалдырыңыз. Сонда шаршаған жағдайда да қабылдаған шешімнің 80%-ы дұрыс болады. Сонымен қатар, тізімді зер сала қарап отырып, ондағы бірқатар істер үшін уайымға салынудың еш керегі жоқ екенін көре аласыз.

2. Әр адамның, өзіңіздің де күш-қуатыңыздың өлшеулі екенін естен шығармаңыз. Керек кезде демалыс жасап отырыңыз, күш-қуатыңыздың шегіне жетпеңіз.

3. Күйзеліс көңіліңіздегі түрлі сезімдерді алаңдатуы мүмкін. Ондайда сенетін досыңыздан немесе кеңесшіңізден көмек сұраңыз. Басында бұл мүмкін емес сияқты болып көрінеді, бірақ, сіз өз сезімдеріңізді біреуге сөзбен айтып жеткізуге тырысатын болсаңыз, бұл осы тұйықтан жол табуға, дұрыс жоспар құруға көмектеседі.

4. Бір жылдың ішінде тым көп өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдаудан аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, күйзелістің ең көп тарауының басты себебі – аз уақыттың ішінде көп өзгерістердің болуы.

5. Демалуға уақыт тауып тұрыңыз. Қатты шаршау — денсаулығыңызға көп зиян келтіреді.

6. Күйзеліске ұшыраған адам тым көп тамақ жеп қоюға бейім келеді. Әсіресе, денсаулыққа пайдалы емес тағамдарды көп жеп қоятын әдеті бар. Ақуыз, дәрумен, талшығы көп тағамдарды көбірек жеңіз. Күйзелістің әсерін жеңілдету үшін ақ қант, кофеиндерді ас мәзіріңізден мүлдем алып тастаңыз, май, алкоголь және никотинді қолданбауға тырысыңыз.

7. Дене жаттығуларын жеткілікті мөлшерде жасап тұрыңыз. Бұл денсаулықты күшейтіп, күйзелістен және оның серігі – уайымдаулардың нәтижесінде пайда болатын адреналиннен арылуға көмектеседі.

http://baq.kz/kk/news/36039

 

Рубрика: