Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

наукаАбай ОМАРОВ (коллаж)

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, тарихи білім беруді дамыту, тарихи сананы қалыптастыру, тарих ғылымын жетілдіру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының басым бағыттарының бірі болатын. Тәуелсіздік тарихының методологиясын, басты-басты ұстанымдарын қалыптастыруда Елбасының бастамасымен жүзеге асқан ірі саяси оқиғалар ел тарихында жаңа кезеңдерге негіз болды.

Бүгінгі таңда ұлт тарихын ұлықтаудың тео­риялық-әдістемелік мәселелері, отан­дық деректану, тарихнама және зерттеу әдіс­тері бойынша жүйелі жазылған қо­мақты еңбектердің тапшылығы тарих ғы­лымындағы кешенді ізденістерді зер­де­леуге бастайтын күрделі мәселелердің бірі бо­лып отыр. Осы орайда, аталған мә­се­лелердің түйінін тарқату мақсатында Ас­тана қаласында Ұлттық тарихты зерделеу жө­ніндегі ведомствоаралық жұмыс то­бының кеңейтілген отырысы өтті. Аталмыш жиын ҚР Мемлекеттік хатшы М.Тәжин кө­терген Отан тарихын әрі қарай зерттеу мен оқытудың өзекті проблемаларына ар­налды. Бұл жиылыс Қазақстанның тарих ғылымы үшін үлкен серпіліс, әрі тарихи оқиғаға куә болды. Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің: «…Соңғы жылдары Ел­ба­сы Н.Ә. Назарбаев қалыптасқан мем­ле­кетіміздің тарихын бүгіннен бастап қағазға тү­сіру, оны жүйелеп, зерделеу міндетін ал­ға шығарды. Сол арқылы жаңа қа­зақ­стандық патриотизмді қалыптастыру мақ­са­ты көзделді. Еліміздің тарихи санасын қа­лыптастыру, ең алдымен күнделікті ма­ңызды оқиғаларды хатқа тізіп, елдікті насихаттаудан басталады. Сондықтан бізге түсінікті тілде жазылған ұлттық тарих ке­рек…», – деуінің өзінде үлкен мән бар. Тә­уел­сіздік жылдары Қазақстан Рес­пу­бли­касында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілді, осы тұ­жы­рым­даманың негізінде: «Тарихи бі­лім­нің негізгі басымдықтары», «Тарих ғы­лы­мының проблемалары», «Тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі» сияқты бас­ты ба­ғыт­тар қамтылды. Ата та­ри­хы­мыз­дың бұр­маланған беттеріне қоғамдық ғылым жо­лындағы зерттеушілер де ай­тарлықтай ір­гелі ізденістер жүргізді. Бас­тал­ған іргелі мә­селелерге мемлекет тарапынан қолдау көр­сетіліп, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дарламасын алға тартты. «Мәдени мұ­ра» мемлекеттік бағдарламасы тарихи та­ным көкжиегін мейлінше кеңейткенін айт­пай кету мүмкін емес. Жарияланып жатқан зерт­теулердің көптігі соншалық, ғылыми-ақ­параттық тасқынға ілесе алмаудамыз. Бұл үдеріс алдағы уақытта артпаса, бә­сең­демейтіні айдан анық. Қазіргі кезде қазақ та­рихын зерделеуде қандай проблемалар бар, болса, оларды шешудің жолдары қан­дай деген келелі пікір алмасуда ең ал­ды­мен Отан тарихын зерттеушілерді ғылыми та­нымның бұрын-соңды қол жетпеген биі­гіне бастайтын, яғни жаңа методологиялық не­гіздемелер, тұжырымдар мен ұста­ным­дарды түзетін басымдықтарға жол ашқан жөн. Методология түзелмей, ғылым нә­ти­желі болмайды. Әлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктерімен су­ға­рылған жаңа методология Қазақстан та­рихын адамзат өркениетінің құрамдас бө­лігі ретінде дәйектей отырып, оның та­биғи-географиялық, геосаяси, ұлттық, мем­лекеттік, рухани т.б. өзіндік ерек­ше­ліктері мен болмыс-бітімін зерделейтін әле­уетке ие болуы керек. Сонымен қатар, бі­рінші кезекте – ұлт тарихының зерттеу ме­то­дологиясын жетілдіру негізінде Тә­уел­сіздік тарихының методологиясын, басты-бас­ты ұстанымдарын қалыптастыруда Ел­­басы Н.Ә. Назарбаевтың үлесін жан-жақ­­ты пайымдау. Екінші іргелі мәселе – тә­уелсіз Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін толыққанды қарастыру. Үшіншіден, қоғамтанушы-ғалымдар арасында ең өткір тұрған мәселе – ұлттық тарихты оқыту. Қазақстанда қа­лып­­тасқан тарихи білім мен ғылымның да­­муындағы негізгі нәтижелерді кешенді түр­де қарастыру болып табылады. Ол үшін мы­надай іргелі мәселелерге көңіл ау­дар­ған жөн. Әсіресе, еліміздегі жоғарғы оқу орындарында тарих факультеттері мен ка­­федраларының құру барысын айқындау, со­­н­ымен қатар, оқу үрдісіндегі ма­те­риал­дық-техникалық базалық жағынан қам­тамасыз етілуін көрсету, әсіресе, та­рих­шы мұғалімдерді даярлаудың әдістері мен негізгі бағыттарын ашу, тарих ғылымында ғы­лыми-зерттеу инфрақұрылымының құ­ры­луы мен ұйымдастыру барысын көрсете оты­ра, Қазақстанда тарихшы ғалым ма­ман­дарды даярлаудың жалпы және жеке ерек­шелігін айқындау арқылы та­рих­шы­лар­дың ғылыми-зерттеу жұмыстарының ма­ңызы және нақты бағыттарын көрсету бо­лып табылады. Осыған орай, ұлт та­рихының теориялық-методологиялық не­гізгі бағыттарына осы замандағы дәстүрлі прин­циптері: тарихилық, жан-жақтылық, шы­найылық, логикалық жалпы ғылыми заң­дылық, жүйелілік, тарихи са­лыс­тыр­малық және т.б. әдістерінің қолданылу жү­йелілігін жоғары оқу орындарының тарих фа­культеттерінің оқу үрдісінде, сондай-ақ тарих ғылымына қатысты жазылатын еңбектер мен оқу құралдарын жазуда бас­шы­лыққа алынып отырса, нұр үстіне нұр бо­лар еді. Әруақытта да ғылым пікір ал­масу арқылы дамиды. Сондықтан бүгінгі еге­менді еліміздің елдігін айқындауда сөз жоқ, ұлтқа тарих керек. Оны дәлелдеп оты­рудың қажеті жоқ. Бірақ XXI ғасырға қан­дай тарих керек? Ол жан-жақты, жү­йелі, шынайы, ғылымға негізделген тарих болуы қажет. Ұзақ уақыт бойы ауызша айтылған тарихқа қанағаттанып келдік. Ал тарихтың ғылыми-деректік тұжырымға көшкеніне біраз болды. Осыған орай, қазіргі XXI ғасыр да, ұлт та бізден жазба тарихты талап етіп отыр.

Екіншіден, ғылыми тарих та керек. Сөз жоқ, тарих барлық уақытта да мүм­кін­дігінше жазылды. Өз кезегінде мінберден сөз алған Мемлекет тарихы институтының ди­ректоры, елімізге белгілі қоғам қай­рат­кері, ғалым тарихшы, тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор Бүркітбай Ғел­ман­ұлы Аяған Қазақстан тарихын оқы­­ту мен зерттеуде олқылықтардың жет­кілікті екенін қынжылыспен атай отыра: «Ға­лымдар тарапынан Қазақстан тари­хы­ның теориялық-әдістемелік мәселелері, отандық деректану, тарихнама және зерт­теу әдістері бойынша жүйелі жазылған қо­мақты еңбектер тапшылығы көрініп тұр. Әри­не, Қазақстан тарихының жекелеген проблемаларына байланысты теориялық-әдіснамалық ғылыми мақалалар мен ша­ғын оқу құралын жазған авторлар кезде­седі. Бірақ бұл ізденістер қоғам сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр… – дей келе, ғалым  Қазақстан тарихынан теория­лық-әдіснамалық еңбектер, нұсқаулықтар жә­не оқу құралдарын жазуды күн тәртібіне қою қажеттігін алға тартты. Отандық тарих ғылымындағы басты кемшіліктің бірі – методологиялық кемшілік екенін де атады. «Методологиялық, теориялық мәсе­ле­лер­ді анықтап алмай, басқа ғылымдар сияқ­ты, тарих ғылымының да өз дәрежесінде да­муы мүмкін емес. Қазақстан тарих ғы­лы­мының міндеті, функциясы не болуы ке­рек? Алдымен осыны анықтап алуға тиіс­піз. Ең басты методологиялық про­бле­ма – осы. Қазақстан тарихы ғылымының мін­деті қазақ ұлтының тарихын зерттеу бо­луы керек», – дейді Б.Ғ. Аяған. Іргесін бекітіп, ірілігін танытқан мемлекеттің бас­тауы басынан бастап, қилы кезеңдерді тү­бі­нен қопара түгендеп, ақ-қарасын анық­тап, барын асырып жібермей, кемін бүгіп қал­май айтып, ақиқатты аттамай, жоқтан бар жасамай, таразы басында теңестіріп, бүгінгі тыныс-тіршілікпен ұштастырып, ата тарихтан асыл қазына қалыптастыру, соны кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, осы дәстүрді жал­ғас­тыра беру – алдыңғы толқын ағалардың па­рызы да қарызы. Міне, осындай елдіктің ар­қасында алқалы топтың алдында ма­з­мұн­ды баяндама жасаған Мемлекеттік хат­шы­ның халықтық дүниетанымды қалып­тас­тыруды қозғауы, Қазақ елінің қа­­дір-қасиетін, төрткүл дүниеге түгел даң­қы жеткен биік абыройын сөз етті. Ел тари­хын ой қазанында қорытып жүрген ға­лым­дар да өз тұжырымдарын жұрт талқысына сал­ды. Сол ұлт руханияты жан-жақты әң­гі­ме арқауына айналған басқосудағы өріс­ті ой туралы кәсіпқой тарихшылар да өз байлам-пайымдарын ортаға салуда. Бұл жұ­мыс – билік пен қоғам назарында. Со­ған сәй­кес, оған тың серпін беру, жаңа ба­ғыт­­та­ры мен жолдарын айқындау – ма­ңызды мә­селе. Тарихтың терең зерттелуі – ел­дік­тің, отаншылдықтың белгісі. Қазақ тарихы өр­кендеп өссе, ұлттың рухы өрлейді. Астанадағы алқалы жиын – біз үшін, та­рих­шылар қауымдастығы үшін үлкен абы­рой!

Задаш ДҮКЕНБАЕВА, Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор   

 

http://alashainasy.kz/politics/43987/

Рубрика: