Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы сепаратистерге ықпал етуге міндетті деп мәлімдеді. Бұл жайында Меркель Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенінде айтқан.

Германия үкіметі баспасөз хатшысының айтуынша, екі ел басшылары Украинада күн сайын зорлық-зомбылық болып жатқанына алаңдаушылық білдірген.

Меркель Украина мен Ресей арасындағы шекара бақылауға алынуы қажет екенін және оны жүзеге асыруда ЕҚЫҰ-ның рөлі үлкен екенін айтқан. Ол Германия ЕҚЫҰ-ның Украинадағы миссиясын қолдай беретінін білдіріп, оның алда жоспарланған аймақтардағы сайлаулар кезінде Донецк мен Луганскіде маңызды рөл атқаратынын айтқан.

Бұған дейін НАТО-ның жаңа бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы бітім үлкен мүмкіндіктер ашатынын, бірақ «Ресейдің әлі де бұл елде тұрақсыздық орнатуға күші жететінін» мәлімдеген.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26616825

Рубрика: