Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Германия билігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты халықаралық байланыс тобын құруға келісті. Неміс үкіметі таратқан мәлімдемеде Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлесіп, «саяси диалог бастау үшін ЕҚЫҰ бастамасымен байланыс тобы мен тергеу комиссиясын дереу құру туралы» ұсынысын қабыл алғаны айтылады.

Мәлімдемеде Меркель «Ресейді Қырымға басып кіріп, халықаралық құқық нормаларын бұзды» деп айыптаған.

Ақпарат агенттіктері Америка үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ертең, 4 наурызда Украинаның уақытша үкіметіне қолдау білдіру үшін Киевке баратынын хабарлап отыр.

АҚШ басшылығы бұған дейін Ресейдің Украинаның Қырым автономиялық республикасына әскер кіргізгенін айыптап, бұл әрекетінің салдары ауыр болатынын ескерткен.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140303/330/330.html?id=25282940

Рубрика: