Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олланд Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жұма күні кешкісін үш жақты келіссөз өткізді. Олар шығыс Украинадағы дағдарысты шешу жолдарын талқылады.

Меркель мен Олландтың Путинге украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтату бойынша жаңа ұсыныс жасағаны хабарланды. Былтыр Ресей Қырымды аннексиялап алғалы бері басталған бұл қақтығыста бес жарым мыңға жуық адам өлді. Шығыс Украинадағы шиеленіс Батыс пен Ресейдің арасын «Қырғи-қабақ соғыс» кезінен бері бірінші рет қатты ушықтырып жіберді.

Меркель мен Олландың Путинге қандай ұсыныс жасағандары әлі белгісіз. Бейсенбі күні ЕО-ның екі жетекші саясаткерімен Киевте кездескен Украина президенті Петр Порошенко жаңа ұсыныс оқ атуды тоқтатуға қатысты үмітті күшейтетінін айтқан.

Мюнхендегі Қаупісздік конференциясына келген АҚШ вице-президенті Джо Байден 6 ақпан күні: «Ресей Украинаның шығысына қарулы жасақ пен танкілер жіберіп қақтығысты ушықтырып отыр» деп мәлімдеді. Ресей шығыс Украинадағы сепаратистерге жәрдем бермейтінін айтып келеді.

06 ақпан 2015

http://www.azattyq.org/archive/news/20150206/330/330.html?id=26834212

Рубрика: