Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қызметінен қуылған Виктор Янукович Украинадағы жағдайға байланысты бүгін мәлімдеме жасайды. Бұл туралы РИА Новости, «Интерфакс» және ИТАР-ТАСС секілді ресейлік үш ақпарат агенттігі Януковичтің айналасында жүргендерге сілтеме жасап хабарлайды.
Виктор Янукович мәлімдемені Дондағы Ростовта жасамақ. Алайда баспасөз мәслихатының қай жерде және қай уақытта өтері белгісіз күйінде қалып отыр.
Наурыздың 13-і күні Германия канцлері Ангела Меркель де Украинадағы дағдарысқа қатысты үкіметтік мәлімет жасайтын болады. Меркель ханым өз мәлімдемесін Бундестагта жасайды.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/articles/view/44366

Рубрика: