Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

шАстанада «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында оқушылар арасында өткен республикалық шығарма жазу байқауының жеңімпаздары анықталды.

2013 жылғы 12 қазан күні Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында Мемлекеттік тілді дамыту қоры «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында оқушылар арасында өткен республикалық шығарма жазу байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Байқаудың мақсаты оқушылардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне, көп ұлтты Отанымызға деген мақтаныш қалыптастыру және өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін арттыру.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен үздік нәтижеге Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы  №123 мектеп-гимназиясының оқушысы Шыңғыс Әбдіманап қол жеткізсе, екінші орынды Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы А.Қорабаева мен Алматы облыстық Ш.Смағұлов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Бекболат Есжанов, ал үшінші орынды Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы  №123 мектеп-гимназиясының оқушысы Нұрсұлу Шәріпқазықызы, Астана қаласы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанабыл Рахат және Астана қаласы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Махат Азамат иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

 

http://ult.kz/article/view?id=2346

Рубрика: