Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ыБүгін еліміз бойынша мектеп оқушыларының 11 жылдық білімін көрсетіп, болашақ қадамын айқындайтын тестілеу басталып кетті. Биыл мектеп бітіруші 140 мың түлектің 100 мыңы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Оның ішінде 25 756 түлек бүгі 56 пунктте ҰБТ тапсырады.

«Қазақстанда оныншы рет Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілгелі отыр. Оқушылар алдын ала дайындықтан өтті, сынама тест тапсырды, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі тест нәтижесі жоғары болады деп ойлаймын», — деді Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов.

Тестілеудің ең төменгі шекті деңгейі бұрынғы қалпында қалды — 50 балл, жалпы медицина мамандығы үшін — 55 балл, ұлттық ЖОО-ларға түсу үшін — 70 балл.

Сонымен қатар, биыл ұлттық жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін мына мамандықтар бойынша ең төменгі шекті деңгейге өзгерістер енгізілген: білім беру, ауылшаруашылық ғылымдары мен ветеринария саласындағы мамандықтарға — 60 балл.

 

http://www.aikyn.kz/news/view/23488

Рубрика: