Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 21 ақпан. BAQ.KZ — Мектеп директорының жұмысқа алу құқығын алып тастау қажет. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мәжілісінде Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов осындай ұсыныс жасады.

 

«Меніңше, бүгінде мектеп директорының жұмысқа алу құқығын алып тастайтын уақыт келді. Себебі бұл — сыбайлас жемқорлыққа толы мәселе. Әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарында ондай жағдай қатты сезіледі. Мектеп директоры қызметкерге қатысты тәртіптік жазаны қолданып, жұмыстан шығару мәселесімен айналыса берсін. Алайда мұғалімді жұмысқа алумен арнайы кадр агенттігі шұғылдануы тиіс деп ойлаймын», — дейді Б.Нұрмұхамедов.

Қазақпарат

Рубрика: