Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 24 мамыр. BAQ.KZ – Әлемдік операның мегажұлдызы Анна Нетребко Астана күніне орай, 5 шілдеде «Астана Опера» театрының Негізгі залында концерт береді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгінгі күні сұранысы ең жоғары әншілердің бірі, әлемдегі жетекші опера театрларының барлығы өз сахнасында өнер көрсеткенін өздеріне құрмет деп санайды Анна Нетребко Қазақстанға алғаш рет келеді.
Кеште Дж.Верди, Дж.Пуччини, У.Джордано, А.Бойто, А.Каталани және басқаларының операларынан ариялар шырқалады. Аталған бағдарламаны Анна Нетребко швейцариялық Люцерндегі Мәдениет және конгрестер орталығында, Елисей алаңындағы париждік Театрда және барселондық Каталон музыкасының сарайында да паш етпекші.
Концерт Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, Мариинский театрының солисті Ахмет Ағадидің, сонымен қатар «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хорының қатысуымен өтеді.
Айта кетейік, Анна Нетребко – Ресейдің Халық әртісі, РФ Мемлекеттік сыйлығының иегері, Кубань Еңбек Ері. Опера әншісі Краснодарда дүниеге келген. Санкт-Петерборлық консерваторияны вокал сыныбы бойынша тәмамдаған. Белгілі дирижерлар: Валерий Гергиев, Джеймс Ливайн, Сейджи Озава, Николаус Арнонкур, Зубин Мета, Колин Дэвис, Клаудио Аббадомен өнер көрсеткен.

http://baq.kz/kk/news/47650

 

Рубрика: