Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 25 наурыз. BAQ.KZ – Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Махамбет селосында өзбекстандық гастарбайтерлердің көптігінен жергілікті халық жұмыссыз. Аталған ауыл тұрғындары ҚР Ішкі істер министріне осындай шағыммен шығып отыр. 

 

«Бұл әрине, аудан көлемінде шешілетін мәселе еді, алайда жанайқайымызды тыңдайтын құлақ болмағандықтан өзіңізге арызданып отырмыз – деп сөзін бастайды Қалмұханбет Қасымовқа шағым айтқан ауыл халқы. – Махамбет селосы облыс орталығына жақын болғанымен жергілікті тұрғындар негізінен ауыл шаруашылығының арқасында күнін көріп отыр. Алайда, соңғы уақытта елдімекендегі базар да, құрылыс пен шаруа қожалықтары да өзбек «ағайындарға» толды. Олар салық төлемейді және Қазақстанның миллиондаған қаржысын Өзбекстанға алып кетіп жатыр. Аудан әкімі, ішкі істер бөлімінің бастығы, Салық комитетінің бастығы, миграциялық полиция бастығы бұл жайттан хабардар бола тұра еш шара қолданбай отыр» дейді ашынған халық.
Айтуларынша, ауылдағы базар басшысы өзбек гастарбайтерлерінің қорғаны көрінеді. Тексеріс келе қалған жағдайда оларды қанатының астына алып, істі жылы жабуға ықпал жасайды екен. Ал, жергілікті тұрғындар сауда жасауға ниет еткенімен базардан бір тілім орын алу мүмкін болмайды дейді арыз иелері.
Гастарбайтерлер тек Қазақстанның проблемасы емес. Ортаазиялық арзан жұмыс күші бүгінде Ресей мен Еуропа нарығын да жаулап келеді. Бұл ретте Мемлекет басшысы жергілікті атқару органдарына жұмыспен ең бірінші өз халқымызды жарылқап алуымыз керектігін қанша айтқанымен, проблема басы ашық күйінде қалып келеді.

 

http://baq.kz/news/25235

Рубрика: