Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

7B03AF0E-50FD-4D67-9023-37C2238D5685_w308_r1_cy41Дағыстан астанасы Махачқалада 30 қазанда дүкендерде болған жарылыстардан жараланған 18 адамның біреуі қайтыс болды деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті.

Бұған дейін Ресей төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған баспасөз құралдары жарылыстардан екі адам қаза тауып, 15 адам жараланғаны туралы ақпарат таратқан еді.

Сәрсенбі күні Махачқаланың Советский ауданында алкогольді ішімдіктер сататын екі дүкенде араға бірнеше минут салып бірінен соң бірі екі бомба жарылған. Жараланғандар арасында құқық қорғау орындарының қызметкерлері де бар.

Бомба жарылған соң дүкеннің бірі өртенген. Жарылыс жасағандар бой тасалап үлгерген. Қазір оларды іздестіріп жатыр.

Заң орындары қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру» және «заңсыз қару-жарақ айналымы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған.

 

http://www.azattyq.org

Рубрика: