Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сәбіз бәліші басқаларына қарағанда құрғақ емес, сонымен қатар тым тәтті емес болады. Осы қасиеттерімен көптеген аспаз қыздарға ұнайтын сәбіз бәлішінің ең оңай деген мәзірлерінің бірін ұсынамыз.

Құрамы:

  • 1 жұмыртқа;
  • 2 сәбіз (110 гр);
  • 55 гр сары май;
  • 100 гр ұн;
  • 110 гр қант;
  • 5 гр ас содасы;
  • 2 гр тұз;
  • 2 гр даршын (корица);
  • кішкене мейіз.
Сәбізді кішкентай үккіштен өткіземіз.
Майды шамалы ерітіп қант қосып, еземіз. Қант барынша еруі керек.
Майға сәбіз, мейіз қосып араластырамыз.
Бөлек ыдыста ұн, сода, тұз, даршынды араластырып қойыңыз.
Ұнды сәбізге қосып, қамыр жасаймыз.
Қамырды майланған пішінге салып, пісіру пешіне 180 градусқа қойыңыз.
40-50 минуттан кейін бәліш дайын болады.
Астарыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Сания Аринова

http://massaget.kz

 

Рубрика: