Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

КоррупциКедендік Одақтың пайдасын Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп орындары, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер, кәсіпкерлер көрмекші. Осы мақсатта Мәскеу қаласында жәрмеңке ұйымдастырылады. Жәрмеңкеге қатысу үшін кеше Шымқаладан құрамында жиырмашақты сыйымдылығы үлкен жүк таситын автомашиналардың керуені атанды. Керуендерді шығарып салуға арналған салтанат облыс орталығындағы Әл-Фараби алаңында өтті.

-Кеден Одағы құрамындағы елдердің ынтымақтастығы аясында Мәскеу қаласында өтетін Оңтүстік Қазақстанның аумақтық жәрмеңкесі аумағымызға деген қызығушылықты артырары даусыз.  Облыстың  арнайы бизнес-делегациясы Ресейде 2013 жылдың 14-26 қыркүйегі аралығында  болады. Олар Мәскеу, Казань және Екатеринбург қалаларын аралайды. Екі елдің бизнес қауымдастықтарының қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді. ОҚО инвестициялық мүмкіндіктерін көрсететін шаралар ұйымдастырылады. Ресейдің аталған қалаларындағы өнеркәсіп орындарын және инновациялық нысандарды аралау, екі жақты кездесулер өткізу жоспарланған.  Мәскеу қаласында  роуд-шоу өтеді. Оған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов төрағалығық етеді,-деді әкімнің баспасөз қызметінің мамандары.

Шымкенттен шығып, Мәскеуге кетіп бара жатқан керуенге Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілген дәмі тіл үйіретін азық-түліктер, жеміс жидектер, басқа да толып жатқан ауылшаруашылығы тауарлары тиелген. Жәрмеңкеге аймақтың 18 өнеркәсіп орындары және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады. Олардың арасында «Шымкентмай» АҚ-ның мақта майы, пісте майы, «Корона» Макарон фабрикасы» ЖШС-ның сан алуан кеспелері, «ЗБН Визит» ЖШС-ның сусындары мен басқа да өнімдері, «Зерде Фито» ЖШС-ның тауарлары, «Ордабасы Құс» ЖШС-ның әртүрлі ет өнімдері, «СТК Хамит» ЖШС-ның неше түрлі балық өнімдері қойылады.  Мұнан басқа, облыстағы қол өнер шеберлерінің ұлттық бұйымдары да жәрмеңкеге қойылады, Мәскеу тұрғындарына сатылады.

Ресей Федерациясына сапарлаудағы мақсат айқын. Көрші елмен Қазақстан  арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, екі елдің шағын және орта бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын, мәдени байланысты жақсарту.

 

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Коррупц

 

 

Рубрика: