Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ммммМәскеуде Тәжікстанның танымал рэперлері Мастер Исмаил мен Баха 84-тің концертінде белгісіз адам ауаға газ шашып, жүздеген тыңдарман залды тастап шығуға мәжбүр болды.

«Москва Hall» концерт залының өкілі Николай Свириденконың айтуынша, 10 қарашадағы рэперлер шоуы көрермендердің бірі мен күзет қызметкерлерінің арасында болған жанжалдан туындаған «ыңғайсыз жағдайдан» соң тоқтап қалған. Бірақ ол оқиғаны тергеу жұмыстары жүріп жатқанын ғана хабарлап, газды кімнің жібергенін айтудан бас тартқан. Свириденко оқиғаның «саяси я этникалық астары жоқ» дейді.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Құқық қорғау орындары Азаттықтың Орыс қызметіне оқиғаны тексеріп жатқандарын айтты.

Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Абдумаджид Достиев елшілік ұзамай бұл оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасайтынын хабарлады.

http://www.azattyq.org

Рубрика: