Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бүгін Мәскеуде Ресейдегі бірқатар оппозициялық ұйымдардың бастамасымен шеру өтті деп хабарлады Азаттық тілшілері.

Мыңдаған адам қатысып жатқан шерудің мақсаты – «Болотный ісі» бойынша айыпталғандарға қолдау білдіру. Шеруге қатысушылар «6 мамыр тұтқындарына бостандық берілсін!», «Саяси тұтқындар босатылсын!» деп айғайлаған.

2012 жылы 6 мамырда Мәскеудегі Болотный алаңында оппозицияның акциясы шерушілер мен полиция арасында қақтығысқа ұласып, осы оқиғаға байланысты қозғалған, кейін «Болотный ісі» деп аталып кеткен іс бойынша 30-ға жуық адамға айып тағылған болатын. Олардың үшеуі сотталды. Бірнеше адам Ресей конституциясының 20 жылдығына байланысты Мемлекеттік дума жариялаған рақымшылыққа ілінген еді.

Айып тағылған сегіз адамға қатысты сот отырысы 5 ақпанда жалғаспақшы. Прокуратура оларға бес жылдан алты жылға дейін түрмеге қамау жазасын беруді сұрайды.

http://www.azattyq.org/

Рубрика: