Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев. Мәскеуде Интерполдың ордері бойынша Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың бұрынғы күйеу баласы Әділ Тойғанбаев ұсталды. Оның адвокаты Икрамидин Айткуловтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне айтуынша, Тойғанбаев Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан Еуропаға ұшқалы тұрған жерінен ұсталған.

Тойғанбаев өзін Қырғызстанға экстрадициялау мәселесі шешілгенше екі күнге уақытша қамауға алынды. Адвокат Айткулов Тойғанбаев Бішкекке берілмейді деген сенім білдірді.

Асқар Ақаевтың қызы Бермет Ақаеваның бұрынғы күйеуі Әділ Тойғанбаев -Қазақстан азаматы. Қырғыз үкіметі оны салық төлеуден жалтарды және қаржылық алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жариялаған.

Тойғанбаев өткен жылы Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталған еді. Бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын мәлімдеп, оны қайтарудан бас тартқан.

 http://www.azattyq.org/content/news/25259618.html

Рубрика: