Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

c8c185bc2b55aa1e512de193a31e1fbfАстана. 27 қараша. Baq.kz — Мәскеуде асқан қатыгездікпен өлтірілген жерлесіміздің аты-жөні анықталды. 32 жастағы келіншектің есімі — Бирджаханум Нажапова екен.Бұл туралы КТК хабарлады.

Қазір Сыртқы Істер министрлігі марқұмның туған-туыстарын шұғыл іздестіруде. Өйткені мәйітті елге әкеліп жерлеу мәселесі туындап отыр. Оның үстіне жат жерде ажал құшқан әйелдің Қазақстанның қай өңірінде туғаны да белгісіз. Бір анығы Бирджаханум Нажапова тамыз айында Ресейге келіп осында тіркеуге тұрған. Айта кетсек, қанды оқиға Мәскеудің шетіндегі бақтардың бірінде болған. Қаскөйлер келіншекті алдымен жабылып зорлапты. Кейін денесін бөлшектеп өзенге лақтырып жіберген. Кейбір болжамдарға сүйенсек, бұл қылмысқа ұлтшылардың қатысы болуы мүмкін.

 

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

— Мәскеудің тиісті тергеу органы қылмыстық іс қозғады. Қазір қылмыс жасаған тұлғаны анықтау үшін жедел іздеу және тергеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауына алынды.

http://baq.kz/kk/news/39839

 

Рубрика: