Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

РеDSCN0773сей Каспий теңізін аумақтық принциптер бойынша бөлісуге қарсы шықты. Сөйтіп, ресми Мәскеу Каспийдегі ыұпалын арттыруға  мықтап тұрып кіріскен тәрізді. Оның да өзіндік себептері  жоқ емес.

Ресей сыртқы істер мининстрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Игорь Братичиков Ресейдің Каспий теңізін жағалаудағы елдердің аумақтық принциптер бойынша бөлісуіне қарсы екендігін айтқан.Осылайша Каспий теңізінің құқықтық статусына қатысты келіссөздерді орыстар тығыыққа тіреп отыр. Рас, Каспийді бөлісу мәселесінде жағалауағы бес елдің әлі күнге сөздері бір жерден  шыққан емес. Алайда, бұрын Ресей Каспийдің аумақтық принциптер бойынша  бөлінуіне қарсы болмаған еді.Тіпті, теңіздің солтүстік бөлігін осы принциптер негізінде игере бастағанбыз. Қазақ еліндегі ең мұнайы мол кеніштердің бірі -әйгілі Қашаған кеніші де солтүстік Каспийде. Сөйткен Каспийдің құқықтық статусына қатысты ұстанымын өзгерткен Ресейдің қылығы бізді ойландыруға тиіс. »Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар қазақта. Оны да ескерген жөн.

Жалпы Ресейдің агрессиялық саясатының өршіп келе жатқаны жасырын емес. Еуропа мен АҚШ-тың түрлі экономикалық санкциялар салуы,  ажырамас »достай» көрінетін Қытайдың сауда- саттықта  достықтың болмайтындығын байқатуы, Иранның да бірінші кезекте өз мүддесін ойлауы, Еуропаға энергоресурстар сатпақ ниеті Путиннің шамына тигені өтірік емес. Оның үстіне Каспий теңізінің аса бай көмірсутегі қорына иелік етіп отырған елдер Мәскеудің дегеніне көнгісі жоқ. Әсіресе, Әзербайжан мен Түркіменстан  Ресейдің ықпалынан шығып барады. Ал, оларда мұнай мен газ аз емес. Ресми Баку Түркия жері арқылы Еуропаға газ жөнелтпек ниетте. Ресей СІМ өкілі Игорь Братичиков мәлімдеме жасардан екі күн бұрын әзербайжандар »Оңтүстік газ коридоры» деген жобаны бастаған. Бакуде өткен салтанатты шараға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Грузия премьері Ираклий Гарибашвили, Болгария президенті  Росен Плевнелиев, Грекция премьері Антонио Самарас, Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз қатысқан. Бірқатар сарапшылар  »Оңтүстік газ коридоры» жобасы Мәскеудің газ нарығындағы басымдығына бүгін-ертең қауіп төндірмегенімен, болашақта   бәсекелес бола алатындығын айтуда. Ең бастысы  бұл жоба Еуропаға балама жолдар арқылы энергоресурстар жеткізуге мүмкінді береді. Бұл Ресей билігіне ұнамасы анық.  Демек, Мәскеу Каспийді өзінің көршілеріне ыпал ету құралы ретінде қолданбақ ниетте. Тым болмағанда Каспий теңізінің құқықтық статусын алға тартып Түркіменстан мен Әзербайжанның Транскаспий жобасын бастауына кедергі келтіреді.  Сөйтіп, »Оңтүстік газ коридорына» түркімен газының жеткізілуіне бөгет жасап бағары сөзсіз. Бұл тек экономикалық мүддеге қатысты сценарий. Одан бөлек »орыс әлемі» жобасының беделін түсірген бір оқиға болған Орталық Азияда. Өткен жылы түркімендер өз елдеріндегі орыстардың қос азаматтығын біржола жойған. »Екі кеменің құйрығын ұстаған» 150  мыңға жуық орыс ұлтының өкілдеріне екі таңдау ғана қалдырған. Не түбегейлі Түркіменстан азаматы болады, не дүние-мүлкін тастап елден кетеді! Ресми Ашхабадтың ұстанымы осындай болған еді. Сол кезле мәселені орыс ұлты өкілдерінің пайдасына шешпек болып біраз жүгірген С.Лавров та, тіпті В.Путин де Ғ.Бердімұхамедовты иліктіре алмап еі. Сол оқиғаның »нәтижесін» ресми Мәскеу ұмыта қойған жоқ.  Демек, түркімендерді де »тәрбиелеп» алуды көздеп отыруы бек мүмкін.
Каспийге қатысты мәлімдемелердің тағы бір »сыры» бар. Бұл өңір тек мұнай мен газға ғана бай өңір емес.  Ресей мейілінше еркін қимыл жасай алатын аймақ бұл. Мәскеудің саяси ұстанымына қарсы шығатын алпауыттардың ықпалы аз мұнда. Ресейге аймақтағы елдердің барлығы қарсы шығуға қауқарсыз. Өңірдегі ықпалды күштердің қатарына кіретін Иран да Ресеймен теке-тіреске бара алмайды. Сол себепті Мәскеу өңірде өктем сөйлеп отыр.  Егер Каспий теңізі аумақтық принциптер негізінде бөлінбесе, теңіздің қазынасын жағалаудағы бес ел тең бөлісуе мәжбүр болады. Ал, мұндай жағдайда ұтатындар Ресей мен Иран, ұтылатындар Қазақстан,  Әзербайжан, Түркіменстан үшеуі болмақ. Мәскеудің Каспийді көршілеріне сес көрсету мақсатында пайдаланбақ ниетін теңіздегі Ресей әскері де айғақтайды. Бүгінде орыстың Каспийдегі әскери флотилиясы өте қуатты. Күзет катерлерін қоспағанда Каспий флотилиясында  Ресейдің 27 кемесі жүр. Олардың ең үлкені »Татарстан» күзет кемесі. Ресейдің зымыран кемелері 120-150 шақырымдағы нысаналарды атып түсетін зымырандармен қаруланған. Тіпті, 300 шақырым қашықтыққа ұшатын зымырандар да бар оларда. Оның үстіне биыл бұл флотилия  кемінде 10 жаңа кеме-катерлермен толығады. Бұл туралы РФ қорғаныс министрінің орынбасары  Юрий Борисов мәлімдеген. Қысқасы, орыстар Каспийдегі әскери күштерін нығайтып жатыр. Әдетте »терроризмге, броконьерлікке, контрабандаға қарсы’ күрес жүргізуге тиіс» бұл флотилияны соншама күшейту не үшін қажет? Иранға қарсы ма? Біздіңше Каспийде қуаты жағынан орыстаран кейін екінші орында тұрған флоты бар парсыларға қарсы Мәскеу соғыс ашпайды. Парсылар онсыз да әлсіз. 90 нан астам катері бар демесеңіз, Иран Каспийде қуатты флот ұстап отырған жоқ. Ал,Қазақстан, Әзербайжан мен Түркіменстан флоттарын орыстардікімен салыстыруға да келмейді. Оның үстіне  »Москоу дефенс бриеф» журналының редакторы Михаил Барабанов Ресейдің Каспийде флотилия ұстауының қажеттілігі жоқ екендігін айтқаны бар. Контрабанда, есірткі саудасы, терроризммен күресу үшін бірнеше катер ұстаса да жететін көрінеді. Бірақ, Каспийдегі Ресей флотилиясы әжептәуір қуатты. Демек, бұл теңіздің статусына қатысты, тіпті өңірдегі бірқатар елдердің саяси ұстанымына байланысты қажет бұл флот. Қырымдағыға ұқсас сценарий жасау үшін қажет болады.  Қысқасы, Ресей Каспий мәселесін текке көтеріп отырған жоқ. »Шешінген судан тайынбас» демекші агрессиясын кез-келген бағытта жүргізуі мүмкін. Алтай жақтан да, Омбы мен Орынбор жақтан да, Каспийден де »ойын» бастауы әбден ықтимал. Тіпті, қазаққа соқтықпаса да өзге түркі жұрты бар олардың нысанасында. Сондықтан, сақтық артықтық етпейді.
Ардагелді САЯСИ

http://zhebe.com/

Рубрика: