Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

uhМаңғыстау облысындағы елді мекендердің маңында 100 мың тоннадай химиялық қалдықтар сақтаулы тұр.

Маңғыстау облыстық экология департаменті «ҚазАзот» ЖШС-те тексеру жүргізіп, нәтижесінде бұрын күкірт қышқылдық зауыт болған аумақта 96 мың тоннадан астам күкірт колчеданы мен 4 мың тоннадан астам күкірт сақтаулы екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық экология департаментінің бастығы Ермек Омаров мәлімдеді.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, КҚЗ «ҚазАзот» ЖШС-тің балансында. Кәсіпорынға зауыт қалдықтарынан арылу керектігі туралы нұсқау берілген. Бірақ осы уақытқа дейін ЖШС нұсқауды  орындамады.

«Экология департаменті 3 шілдеде табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынуының негізінде нұсқауды мәжбүрлеп орындату туралы сотқа шағым түсірген. 10 қыркүйектегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен «ҚазАзот» ЖШС-ке берілген шағым қанағаттандырылды. Бірақ кәсіпорын кеңестер одағынан бері қалған қалдықтармен ісі жоқ», — дейді Е. Омаров.

«ҚазАзот» ЖШС 30 қыркүйекте сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірді.Олар соттасып жүргенде қауіпті қалдықтар ашық аспан астында жатыр. КҚЗ аумағы күзетілмейді, оған кірем дегендердің барлығына есік ашық. Осы маңайға жақын жерде Мұнайлы ауданының елді мекендері бар. Жел қатты тұрғанда күкірт пен колчедан айналаға ұшады. Халық денсаулығына қауіпті қалдықты жақын арада кәдеге асыру керек», — деп атап көрсетті Е. Омаров.

 

Дуанабай Жолдасбек

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/35117

Рубрика: