Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

БекенОсылайша аталатын бір хат келді. Оның иесі Есік үйігін аршып, ел тәуелсіздігінің басты нышанына айналған Алтын бабаны ашуға тікелей қатысы бар археолог, «Есік қорғаны» аспанасты мұражайының қорушысы  Бекмұхамет Нұрмұхамедұлы екен. Хатты сол күйінде беріп отырмыз.

«Мәңгіліктер мен әңгүдіктер.

Есік  қаласындағы Сақ бабаларымыздың қорымдарының қорғау аумағының ішінен, ондаған көр-қабірлердің үстінен мектеп тұрғызу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде, мәңгілік ел ұрпақтары  байырғы бабаларының молаларының үстінде ойнап өседі де, ата тарихын осында оқып жетілетін болады. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел десек, сол мәңгілік ғұмырымыздың ірге тасын қалайтын басты құндылықтар  — ата — баба мұралары аяқ астында қалады. Сонымен, Елбасының Қазақстан жолы-2050 стратегиясын іске асыру жұмыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында осылай басталды…

Егер де Алтын Адамның және одан да басқа сол қорымдарының ішінде жатқан бабаларымыздың аруағын таптауға Бульдозер жіберіліп жатса, менің 80 ге бірнеше ай жетпеген мүрдемді сол Бульдозердің қалағының үстінен табарсыздар…

Мәңгілік Қазақ Елінің Азаматы, Бекмұхамет (Бекен) Нұрмұхамедұлы

P.S.

Әзіргі мекен жайым: Есік қаласы, Гоголь көшесі, 38-ші күрке.

Қалта телефоны: +7 777 144 82 49»

 воин

Естімеген бізде елде көбейіп тұр…Кім көрінген көзін сүзген апайтөс даламыз тарлық еткендей, Есік  қаласындағы Сақ қорымдарының аумағын қоршаған шарбақ ішінен, ешкім тиіспеген бірнеше ғасырлық зират-қабірлердің үстінен мектеп салу туралы шешім қабылданыпты.Осылайша, мәңгі мазар үстінде мәңгілік елдің жеткіншектері асыр салып ойнап, білім мен тәрбиенің қайнар көзінен сусындамақ екен.

Не десек те, Қазақстан-2050 стратегиясын  іске асыру жұмыстары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында осылай өзгеше түрде бұрын-соңды болмаған дәстүрмен, дүниені дүр сілкіндіре ерекше қарқынмен басталып кетті. «Атың шықпаса жер өрте!» деген осы болу керек.

 

 

Рубрика: ,