АЛТЫНОРДА
Новости

Малала Юсуфзайдың суреті аукционда сатылды

Пәкістандық қыздардың білім алуын насихаттайтын мектеп оқушысы, белсенді жасөспірім қыз Малала Юсуфзайдың портреті Нью-Йорк аукционында 102 мың 500 АҚШ долларына сатылды.

Портретті британ суретшісі Джонанат Йео 2013 жылы Малала Юсуфзай Ұлыбританияның Бирмингем қаласындағы мектепке барып жүргенінде салған.

14 мамыр күні Нью-Йорктің Christie’s аукционында суретті сатудан түскен ақша Нигериядағы қыздардың білім алуын қаржыландыруға жұмсалмақ.

2012 жылы сол кезде 15 жаста болған Юсуфзайды Талибан жасақтары ауыр жаралаған еді. Талибандықтар оған Пәкістанның Сват алқабында қыздардың білім алуын қолдап блок жаза бастағаны үшін оқ атқан.

Джонатан Йео Юсуфзайдың портретін мұндай жастың «үлкен күші мен даналығын» бейнелеп қалу үшін салғанын айтады.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140515/330/330.html?id=25385607