Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 қаңтар. Baq.kz – Әйгілі қолбасшы Александр Македонскийдің өмірі жайында азды-көпті білгенімізбен, оның өлімі әлі күнге дейін адамзат баласына құпия болып келеді. Жарты әлемді бағындырған тарихи тұлға б.з.д. 323 жылы 32 жасында көз жұмған болатын. Дегенмен, оның нақты неден өлгені тарихшыларға беймәлім. Кейбір деректерде патша қатерлі ісіктен, қояншық ауруынан, безгектен өлді делінеді. Ал, өзгелер «Ескендір патшаны өз маңайындағылары улап өлтірген» деген болжамға сеніп жүр.

Отаго университетіндегі у зерттейтін жаңазеландиялық ұлттық орталықтың ғалымы Лео Шеп күні кеше осынау ақтаңдақтың бетін ашқанын мәлімдеді деп хабарлайды The New Zealand Herald басылымы. Оның айтуынша, Македонский ішіп отырған шарапқа улы шөп салынған.
Доктор Шеп мұндай шешімге 10 жылдық зерттеуден кейін келіп отыр. Тарихи фактілерді зерделей келе ол «Македонский мышьяк, стрихнин, полынь және т.б. улы заттардың салдарынан өлген жоқ (бұған дейін солай айтылып келген). Өйткені, аталған элементтермен уланған болса Александр сол мезетте-ақ көз жұмар еді» дейді ғалым.
Ал, тарихқа көз жүгіртер болсақ, Македонский ұзақ азаптан кейін қайтыс болған. Нақтысын айтсақ, 12 күн төсек тартып жатқан патшаның аузынан көбік ағып, сөйлеу, жүру қасиеттерінен мүлдем айрылған көрінеді.

 

http://baq.kz/kk

Рубрика: