АЛТЫНОРДА
Новости

Майданды босату туралы келісім жасалды

Киев мэрі Виталий Кличко «Майданның (Киевтегі Тәуелсіздік алаңы) көлік жүретін бөлігінен шатырлар алынатын болды» деп мәлімдеді. Майдандағы шатырлар өткен жылдың соңынан бері жиналмай тұрған. 

Қала басшысының сөзіне қарағанда, «Майдан жүздігі» аталатын белсенділермен алаңның көлік жүретін бөлігін босату туралы келісім жасалған. Мэр «Алаңның жаяу жүргіншілерге арналған бөлігіндегі шатырлардың қала беретінін» айтады.

УНИАН агенттігінің ақпараты бойынша, 8 тамыз күні қаланың орталық алаңынан 20 шақты жүк көлігімен қоқыс шығарылған. Осы күні қаланың коммуналдық қызметі алаңның көлік жүретін бөлігін де тазаламақ болған. Бірақ шатырларда тұрып жатқан белсенділер оған қарсы шығып, көлік дөңгелектерін өртеген еді. Милицияға олар жанғыш зат құйылған құмыралар лақтырған. Бірақ алаңдағы тәртіп көп ұзамай қалпына келді, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140809/330/330.html?id=26521960