Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Людмила Путина: Володияның психикасы бұзылғанРесей президентi Владимир Путиннiң бұрынғы әйелi Людмила Путина британдық The Guardian басылымына сұхбат берiп, былай дедi: «Соңғы жылдары бiздiң отбасымыздағы жағдай тым ұшынып кеттi. Ол (Владимир Путин – ред.) отбасымызды тек менi қорқытып-үркiту арқылы ұстап тұруға тырысты. Менiң ойымша, саясаттың салмағы мен айналасына деген жаппай сенiмсiздiк Володяның психикасына қатты әсер еткен. Жұрт әңгiме етiп жүрген Алина Қабаева мен Володя – қоғамның арасындағы шымылдық қана.

Мәселенiң бұдан басқа да жағымсыз жағы бар. Мен Володяның Конни дейтiн ұрғашы итiн әр сапарында өзінен не себептi қалдырмай, алып жүретiнiн түсiне алмай-ақ қойдым. Бәрiне де көнер ем, егер Володя итi Коннимен ваннаға бiрге түсудi әдетке айналдырмағанда… 

Медицинада мұндайдың өз атауы бар, бiрақ оны айтуға қорқамын».

В.Путинге қатысты бұл әңгiменi Батыстың бiрқатар басылымдары iлiп әкетiп, гуiлдете жөнелдi. Бұған дейiн де Путиннiң үйiндегi күтушi оның iс-әрекетiнiң бiр түрлi екенiн айтқан-ды.

Айтпақшы, Коннидiң (Конни – Владимир Путиннiң итi, тұқымы – лабрадор, Путинге оны 2000 жылы Сергей Шойгу сыйлаған) «әке-шешесi» Мәскеудiң түкпiрiнде тұратын қарапайым отбасының асырауында екен.

Ресейлiк кейбiр басылымдардың жазуынша, президент Путин дәп бiр қайын жұрты секiлдi олардың бар жағдайын жасап берген көрiнедi. 

Ал ендi мұны қалай түсiнсеңiз де патша көңiлiңiз бiлсiн, құрметтi оқырман.

«Жас алаш»

Толығырақ: http://alashainasy.kz/politic/lyudmila-putina-volodiyanyin-psihikasyi-buzyilgan-53851/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: