Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Львовтегі стадион. (Көрнекі сурет).Украинаның Львов қаласы елдің шығысындағы қарулы қақтығыстар мен экономикалық дағдарысқа байланысты 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінішін қайтарып алды.

Халықаралық олимпиада комитеті Львовтың «Украинадағы саяси және экономикалық жағдайларға байланысты» өз кандидатурасын ұсынудан бас тартатынын мәлімдеді. Қала билігі олимпиаданы 2022 жылы емес, 2026 жылы өткізу құқығына ие болуға күш салмақ ниетте.

Халықаралық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Львов бас тарту туралы шешімді комитет президенті Томас Бах пен Украина премьер-министрі Арсений Яценюктің және Украина олимпиада комитетінің басшысы Сергей Бубканың келіссөздерінен кейін қабылданған. Яценюктің мәлімдеуіне қарағанда, 2026 жылғы олимпиада ойындарын өткізуге өтініш беру «елдің экономикалық дамуына тамаша мүмкіндіктер тудырады».

2022 жылғы олимпиаданы өткізуге Львовтен өзге Алматы, Осло және Пекин өтініш түсірген. Олимпиада өтетін қала 31 шілдеде белгілі болады.

 http://www.azattyq.org/content/news/25440871.html

Рубрика: