Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Университет студенті өзінің тобындағы бір қызға ғашық болады. Бірақ, оған көңілін қалай білдірерін білмей жүреді. Бір күні ол өз ғашығына сөз салудың жолын табады. Сонымен ол бар қайратын бойына жиып, бақшада кітап оқып отырған қыздың қасына келеді.

Ол қызға: «Сәлем, мына қағазда саған қатысты сөз жазылған, егер сен менің жазғанымды нақтылы іс деп білсең, сені әурелейтін болдым, маған суретіңді берсең бола ма?» дейді.

Қыз оның бірдеңелерді сылтауратып өзіне сөз салдудың қамын жасап тұрғанын аңғарады да, ол мейлі не жазса да шындық емес деп тұрып алсам болды ғой деп ойлап, оның ұсынысын қабыл алды.

Жігіт парақшаны қызға берді, бірақ, қыз бозбаланың талабын тойтара алммады, ол қанша ми жұмсаса да, оның ұсынысын кері қайтарарлықтай сылтау не әдіс таба алмай қойды. Сонымен, суретін жігіттің қолына ұстатты.

Сірә, жас жігіт парақшаға нендей сөз жазды деп ойлайсыз?

Ол: «Сен менің бетімнен сүймейсің, әрі суретіңді де маған бергің келмейді» деген қарапайым бір ауыз сөз екен.

Бұл парасатты жігіт кейін бүкіл әлемге аты шыққан философқа айналды. Ал әлгі қыз оның ханымы болды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mafengwo.cn 

 

http://massaget.kz/

Рубрика: