Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ливия жағалауларында кеме аударылып, судан Еуропаға бара жатқан 24 мигранттың денесі алынды. Бортында 130 адам болған кеме өткен аптаның соңында теңізде аударылған еді.

Ливия флотының өкілі Аюб Билгасимнің хабарлауынша, кеме апатқа ұшырағаннан соң іле-шала көпшілігі Африка елдерінен шыққан 52 адам құтқарылып, суға батқан төрт адамның өлі денесі шығарылған. Кейінірек тағы 20 адамның мәйіті судан табылған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Рами Кал жағалауға қаза тапқан тағы қырық адамның денесі шығарылғанын мәлімдеді. Бірақ Ливия билігі бұл ақпаратқа әзірге түсінік бере қоймады.

Ливия жағалаулары арқылы жыл сайын ондаған мың африкалық мигрант Еуропаға өтеді.

 

http://www.azattyq.org/archive/news/20140512/330/330.html?id=25381125

Рубрика: