Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 9 сәуір. BAQ.KZ — «Литер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы қызметіне Дмитрий Шишкин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат басылым сайтына сілтеме жасап.  

«Литер» газетінің бас редакторы лауазымына үміткерлерді іріктеу, соның ішінде, бұдан бұрын жарияланған «НҰР-Медиа» холдингінің ашық конкурсы ауқымында жүзеге асырылды. Жаңа басшының алдына басылымның танымалдығын одан әрі арттыру және Интернеттегі жұмысты күшейту міндеттері қойылды», — делінген хабарламада.

Д.Шишкин бұдан бұрын «Большая газета» басылымының, «Позиция.kz» Интернет-басылымының бас редакторы, «Комсомольская правда Казахстан» газеті бас редакторының орынбасары, «Караван», «Газета.kz» басылымдарының шолушысы, «Астана ТВ» телеарнасының продюсері қызметтерін атқарды, «Альянс Банк» АҚ баспасөз қызметін де басқарған.

 

http://baq.kz/kk/news/45620

Рубрика: