Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресей Украинадағы дағдарыстың шиеленісуінің басты себебі — «Киевтің ресейшіл сепаратистермен диалог орнатудан бас тартуында» деп біледі. Бұл туралы бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Украина президенті Петр Порошенконың бейбіт жоспары сепаратистердің тізе бүгуін талап етуге бағытталған. Лавровтың сөзіне қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин Порошенконың бұл талабын Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуінің басты себебі санайды.

Ресей сыртқы істер министрі соңғы күндері Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай шиеленісе түскенін айтады. «27 шілде күні Украина ұлттық гвардиясының артиллериядан атқылауынан Донецк облысының Горловка ауданында мерт болған 30 адамның көпшілігі — бейбіт тұрғындар» деді Лавров.

http://www.azattyq.org/archive/news/20140728/330/330.html?id=25472648

Рубрика: