Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Елордадағы № 54 мектеп-лицейде әжелер сайысы өтті.  Ақ босағаның алтын діңгегі — әжелер бұл байқауға немерелерін ерте келген. Әжелер сәлемдесу, таныстыру, ән айту өнерімен сайысқа түссе, немерелері би билеп,  байқауды қыздыра түсті.
Шайзада әжей осы сайысқа арнайы Балқаштан келген. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын көненің көзі, ата-баба аманатындай сақтап келген әже тұсаукесер рәсімін көрсетті. Немересінің жолына ақша мен нан қойып, ырым қылды.
 
Шайзада Сыздықова, сайысқа қатысушы:
Тұсаукесер салтын көрсеттім. Қаз-қаз балам, қаз балам, тақымыңды жаз, балам, деп бастап, баламның тұсауын ала жіппен кестім.
Әжелер белсенді. Зейнет жасындағы апалар жігерлі әрі тың. Әуелетіп ән сала отырып, немере бағады. Немере бағу жағынан әжелер бір-бірінен асып түседі.
 
Сәуле Қапашқызы, ата-ана:
Әжелер сайысы болып жатыр. Маған қатты ұнады.
«Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда!». Әжелердің өскелең ұрпаққа айтары көп. Өйткені, бүгінгі қыз-келіншектер — ертеңгі ардақты ана, асыл әже. Сайыста әжелерден ұсыныс тілектер де түсіп жатты. «Әжелер үйірмесі қажет», дейді, ақ жаулықты аналар.
 
Ғалияш Әмрина, № 54 мектеп-лицейінің директоры:
Қазір 45-те әже болып, 1 сыныпқа немере әкеліп жатыр.  Ол кісілердің потеницалы деген мықты. Сол кісілердің арасынан әжелер үйірмесін ашсақ, керемет боладыдеп ойлаймын.
Әр әженің көздегені — қыз-келіншектерге үлгі-өнеге көрсету, ұлттық салт-дәстүрді үйрету. Әжелердің ендігі тілегі — бүгінгі сайысты дәстүрлі байқауға айналдыру.
 
Құрманәлі ҚАЛМАХАН
http://kaztrk.kz/kaz

Рубрика: