Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қызылорданың көші-қон полициясы шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 100-ден астам жұмыс берушіні жауапқа тартты. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД бастығының орынбасары Әмірбек Шаймағамбетов хабарлады.

«Өткен 2012 жылдың көлемінде облыстың көші-қон полициясы бөліністері қызметкерлері облыс аумағына түрлі мақсатта келген 15 418 шетелдікті тіркеді, оның 3 146-сы алыс шетел азаматы, 12 272-сі ТМД мемлекеттерінің азаматы», — деп нақтылады ол.

Ә.Шаймағамбетовтың айтуынша, облысқа келуші шетелдіктердің басым бөлігін көршілес Өзбекстанның азаматтары құраған. Олардың көбі жұмыс істеп пайда табу мақсатында келгендер. Атап айтқанда, өткен жылы облысқа келген өзбекстандықтардың 3419-ы, яғни, шамамен жартысы, көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылса, оның 3240-ы құзырлы органдардың рұқсатынсыз, яғни, заңсыз жұмыс істегендер. Осы шетелдіктерді заңсыз жұмысқа қабылдаған 105 жұмыс беруші, оның ішінде 45 шетелдік жауапқа тартылды. 127 жергілікті азамат шетелдіктердің уақытылы тіркелуін қамтамасыз етпегені үшін жазаланды.

«Елбасы еліміз бен өңіріміз үшін ХХI ғасырдың он жаһандық сын-қатерінің бірі жаһандық демографиялық теңгерімсіздік екенін атап өтті. Біз Қазақстанда заңсыз еңбек мигранттары жергілікті еңбек нарықтарын тұрақсыздыққа әкелген елдің жекелеген өңірлеріндегі көші-қон қысымымен бетпе-бет келіп отырмыз», — деді ол.

 

«www.bnews.kz».

 

Рубрика: