Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 10 ақпан. Baq.kz – Қытайдағы қандас бауырларымыз «Азия кіндігі» атты жаңа газет шығарды. Жаңа басылым «Жаңғырық», «Кемпірқосақ», «Мәдениет маржандары», «Әдебиет әлемінде» атты бірнеше айдарлардан тұрады.

Газеттің жауапты редакторы – Жайырбек Мұхаметханұлы бұған дейін «Шыңжаң газеті» қазақ редакциясы бөлімінің редакторы қызметін атқарған еді. Біздің елдегі басылымдарда жарық көрген көлемді мақалаларды төтеге аударып басып, сол елдегі қандастарымызға хабар таратқанын білеміз. Әріптесіміз осыған дейін «Айқын» газетінің «Танымал әннің тарихы» айдарын Қытайдағы «Халық» баспасынан «Телқоңыр» атты кітап шығарған болатын. Айта кетейік дәл осы айдарда жарық көрген танымал әндерді төтеге аударып қана қоймай, Қытай үкіметінен осы кітапқа қаржы бөлдірткен де Жайырбек еді. 2007-2009 жылдары «Айқын» газетінде жарияланған 100 танымал әннің тарихын баяндайтын кітапта ән авторларымен болған сұхбаттары мен кейбір ақын, сазгерлердің шығармалары енген. Жауапты редактордың айтуынша Қазақстандағы маңызды деген оқиғалар осы жаңа басылым беттерінде де жарық көретін болады. Біз қандастармыздың игі ісіне сәттілік тілейміз.

Ал Шыңжаңдағы «Халық» баспасына келетін болсақ, бұл баспадан еліміздегі танымал ақын, жазушылардың еңбектері көптеп шығарылды. 60 жылдық тарихы бар қарашаңырақ бұған дейін «Абай жолы» эпопеясын бірнеше рет шығарып қана қоймай қазақ әдебиетінің шоқтығы биік шығармаларынан «Құтты білік» дастаны, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббат», Әбдіжәміл Нүрпейісовтың «Қан мен тер», Мұхтар Шаханов пен Шыңғыс Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары», Оралхан Бөкейдің «Атаукере», «Мынау аппақ дүние», Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек демін алғанда» және «Жамбыл жырлары» сияқты көптеген еңбектерді төте жазу нұсқасында Қытайдың қазақ оқырмандарына ұсынған болатын.

http://baq.kz/kk/diaspora/1250

Рубрика: