АЛТЫНОРДА
Новости

Қытайда жер сілкінісінен мерт болғандар саны 192-ге жетті, 12 мыңға жуық адам жарақаттанған

АСТАНА. 23 сәуір. BAQ.kz — Қытай провинциясы Сычуаньдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 192 адамға жетті, 23 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Қазақпарат.  

12 мыңға жуығы жарақаттанса, олардың ішінде бір мың адамның жағдайы тым мүшкіл. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлайды.

Жаңбыр және жалғасқан жер дүмпулерінің салдарынан апат ауданында бірнеше мәрте көшкін жүрді. Бұл апат аймағында қалған жергілікті 1,72 млн.  тұрғынға көмектесуге және  іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қиындық келтіріп отыр.

Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты халықаралық қоғамдастық үкімет пен халыққа өздерінің көңілдерін білдіріп, қолдау көрсетуде. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

ҚХР басшысы дүйсенбі күні түрлі мемлекеттердің үкіметтері мен халқына, халықаралық ұйымдарға қолдаулары үшін  алғысын білдірді.

«Егер көмек қажет болса, біз міндетті түрде  өзге мемлекеттерге жүгінеміз», — деп атап өтті Цинь Ган.

http://www.baq.kz/kk/news/26866