Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

weibo.comҚытайдың Шанхай қаласында білім алып жүрген студент қыз Ю Пэнг елді секс-автостоппен аралап шықпақшы. Бұл туралы The Daily Mirror басылымы оның Weibo атты қытайлық желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін ол аталған жолмен елдің шығыс жақ бөлігін аралап шыққан болатын. 

Пэнгтың сөзіне қарағанда, ол бір қаладан екінші қалаға дейнгі жол шығынын төсек қатынасымен өтеп беруге әзір. Алайда ондай шарттың өзіндік талаптары да бар. Студент қыз тек сүйкімді әрі бай еркектермен ғана «есеп айырысамын» дейді. Үміткерлердің бойы 1,75 метр, ал жасы 30-дан төмен болмауы шарт. «Олар менің жол шығынымды көтеріп, менімен жүрген кезде жомарт болуы тиіс», — деп жазды студент қыз өз желісінде. Жомарттық үшін ол түнде адамның көңілін қалдырмауға уәде беріп отыр.

Бұған дейін Ю Пэнг елдің шығыс бөлігін секс-автостоппен аралап шыққан. Енді, Қытайдың басқа жақтарын тамашалуды көздейді. Бірақ ондай саяхатқа қаржысы жетпейді. «Бұл кәдімгідей автостоп сияқты ғой. Одан ұялатын ештеңе жоқ», — дейді ол.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары студент қыз хабарландыруына қарсылық білдірді. Олар оның бұл әрекетін жезөкшеліктің жарнамасымен теңеп, Weibo әкімшілігін жазбаны алып тастауды сұрады.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/society/kyitayda-student-kyiz-eld-seks-avtostoppen-aralap-jur-56692/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Рубрика: