АЛТЫНОРДА
Новости

Қытайда бірнеше жарылыс болып, бір адам жараланған

AA87E155-D93D-4E88-BE86-27363C584F87_w308_r1_cy4Бүгін Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы Тайюань қаласында Қытай коммунистік партиясы кеңсесінің маңында бірнеше жарылыс болған.

Қытай мемлекеттік ақпарат агенттігінің (Синьхуа) хабарлауынша, жергілікті шенеуніктер жарылыс салдарынан бір адамның жараланғаны туралы айтқан. Әзірге бұдан өзге мәлімет жоқ. Жарылыстар таңертеңгілік қарбалас сәтте болған.

Синьхуа жариялаған суреттерде оқиға болған жерде полиция, жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері тұрғаны бейнеленген.

Сарапшылар бүгінгі жарылыстар Қытайда ауық-ауық болатын шабуылдарға ұқсайтынын айтады. Қытай үкіметінің саясатына наразылардың қоғамдық көліктерге жарылғыш заттар қойып, мектептерге шабуылдаған, жергілікті шенеуніктердің өміріне қастандық жасаған оқиғалар бұған дейін болған еді.

Осының алында Қытай билігі өткен айда Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында болған көлік жарылысына «Шығыс Түркістан ислам қозғалысының» содырлары жауапты» деп мәлімдеген. 28 қазанда Тяньаньмэнь алаңында жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, одан кейін өртенген. Қытай алаңдағы оқиға салдарынан бес адам – автокөлікте отырған үш адам және сол маңда жүрген екі жаяу жүргіншінің қаза болғаны туралы хабарлаған.

 

http://www.azattyq.org