Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматыда Қытай мен Түркиядан контрабандалық тауар әкелумен айналысатын үш ұйымдасқын қылмыстық топтың қызметін толығымен тоқтатты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыртқы экономикалық саладағы прокурорлық ықпал ету шарасының арқасында мемлекетке 3,5 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірген үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі толығымен тоқтатылды», — делінген прокуратура сайтындағы хабарда.
Аталған топтың мүшелері кеден органдарының қызметтік тұлғаларына пара беру арқылы бірнеше жыл қатарынан Қытай мен Түркиядан темір жол, әуе транспортын, автокөлік құралын пайдалану арқылы контрабандалық тауарларды кіргізумен айналысқан. «Бүгінгі таңда 2 топ пен оның 14 мүшесіне, 4 кеден қызметкеріне қатысты қылмыстық үкім шығарылды, соның нәтижесінде соңғылары ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Ал қалған 4 кеден қызметкеріне байланысты іс сотта қаралуда», — делінген мәтінде.

Дуанабай Жолдасбек

http://www.aikyn.kz/news/view/39532

Рубрика: