Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жұма күні! Жарқын көңіл-күй мен керемет демалыс. Ал сенің көңіл-күйің шұлық ішіне кіріп кетіп, еш нәрсеге зауқың соқпай отырса, онда төмендегі ақыл-кеңестерге арқа сүйеп көріңіз. Анау-мынау емес, нағыз маман иелері қыс күні қалай көңіл көтеру керектігін айтады.

1. Ескі суреттерге бір қарап шығып, өміріңіздегі ең жарқын сәттерге көз жүгіртіңіз. Және компьтеріңіздің бас бетіне сол суреттердің бірін қойсаңыз болады.

2. Жаңғақ пен арқан балық (лосось) жеп көріңіз. Аталған өнімдер шоколадтан кем әсер сыйламайды.

3. Үстел үстіне апельсин мен лаванданың хош иісі бар шам жақсаңыз болады. Жақсы иіс жақсы көңіл-күйді ұзаққа сақтайды.

4. Терезені ашу. Көп уақытыңызды терезенің алдында өткізіп көріңіз. Тіпті, сыртта суық пен ақ қар жатса да…

5. Қыдырып қайту. Таза ауа бір сергітіп тастамақ. Жұмыста үзіліс жасап және бес минутқа серуендеп қайтыңыз.

6. Физикалық жаттығулар жасасаңыз қатып кетер. Жаман ойлардан аулақтай түсер едіңіз.

7. Тәртіпке келтіру. Бөлме ішін жинап шығыңыз, көңіл-күйді болмауы шашылып жатқан бөлмеге де байланысты.

8. Тез ойлану. Қызыңмен ұрсысып қалдыңыз ба? (Әлде). Онда көз алдыңызға алдымен жақсы қасиеттерін, артынан жаман қасиеттерін келтіріңіз. Міне, сонда барып ойлауға кеткен уақытта… Бәрін ұмытып үлгересіз.

9. Қызықты әрі күлкілі бейнероликтерді қарап шықсаңыз.

10. Сатып алудан рақаттану. Анықталғандай, сатып алған заттар таңғалдыруы мүмкін. Театрға не болмаса мейрамханаға барып қайтыңыз.

11. Бақытты болып көрінуге тырысыңыз. Өзіңізді сенімді әрі уайымсыз адам қылып көрсетуіңіз тиіс. Дәл осындай қалыпта жүргеніңіз бәріне жақсы…

12. Демалу. Бір сәт дем алыңыз және жақсы нәрселер туралы ойланып шығыңыз.

13. Жан-жағыңызды көңілді адамдармен толтырыңыз. Көңілі көтеріңкі жүретін досқа хабарласыңыз және аз-кем әңгімелесе отырыңыз.

14. Аспаздық йога мен медитация секілді ұнамсыз эмоцияларды жоюға көмектеспек. Тәтті тағамдардың бірін жасауға болады.

15. Жақсылық жасау. Біреуге жақсылық жасау арқылы өзіңіз де рақаттанып, қанағаттанып қаласыз.

Көңіліңіз көтеріңкі болсын, замандас!

сурет:vmirepozitiva.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/7984

Рубрика: