АЛТЫНОРДА
Новости

Қысқы универсиада: Қазақстан тағы үш медаль алды

Гранадада (Испания) өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстан фристайлшылары екі алтын және бір күміс медаль алды.

Могул бағдарламасы бойынша Юлия Галышева әйелдер арасында чемпион атанды, ал ерлер арасында Павел Калмаков — алтын, Дмитрий Рейхард күміс медаль иеленді.

Қазақстан қазір бес алтын және бес күміс медальмен  жалпы есепте Ресейден кейін екінші орында тұр.

Биылғы қысқы универсиаданың шаңғы, биатлон жарыстары Осрбльеде (Словакия) өткен.

Фристайл, тау шаңғысы, коньки, хоккей, мәнерлеп сырғанаудан Гранадада өтіп жатқан жарыс 14 ақпанда аяқталады.

http://www.azattyq.org/archive/news/20150205/330/330.html?id=26832115