Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алдымызда – Ұлы мереке.
Наурыз мейрамы келе жатыр.
Бұл бағзыдан келе жатқан мейрам.
Өмірде мереке, той көп. Алайда дәл Наурызға теңесетіндері некен-саяқ. Бұл мейрамның тарихы тіптен әріде жатыр.

Наурыз – жыл басы. Бабаларымыздан жеткен ұғым осындай. Наурызға қатысты «Ұлыстың Ұлы күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» деген секілді сөз орамдарының өзі жайдан-жай айтыла салмаса керек. Мұның өзі Наурыздың ерекшелігін, бөлектігін айқын аңғартып тұр.
Наурызды табиғат мерекесі десек те қателеспеспіз. Жерде көк қылтияды, мал төлдейді. Қыс ызғары қайтып, төңірекке нұрлы шуақ төгіледі. 22-наурыздың тағы бір ерекшелігі – осы күні күн мен түн теңеледі. Наурыз – жыл басы«Ұлыстың Ұлы күні» аталу сыры да осыдан болар.
Сәлден кейін, шамалы күндерден соң бүкіл тіршілік атаулына жылылығы мен мейірімін, шапағатын төгер Ұлы мереке – Наурызымыз табалдырығымыздан аттамақ.
«Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден
Құтты болсын, бұл Наурыз!» деген өлең жолдарындағыдай бір-бірімізге құшақ жайып, жүрекжарды тілегімізді білдіретін Наурыз мейрамы таяп қалды.

Нұрперзент Домбай

 

http://anatili.kz/?p=12526

Рубрика: