Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Украиналық босқындар. Ростов облысы, Ресей.Ресей аннексиялап алған Қырым билігі бүгін, 21 тамыздан бастап уақытша паналау пунктеріндегі украин босқындарын басқа аймақтарға көшіре бастайды-деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Жоспар бойынша, Қырымнан күн сайын мыңнан астам адам әкетіледі. Өзін-өзі жариялаған түбек билігінің есептеуінше, қазір Қырымдағы босқындар лагерінде жеті мыңнан астам адам тұрып жатыр. Мұның үстіне соңғы уақытта Қырымға күн сайын 500-ден 700-ге дейін босқын келіп жатыр.

Бақылаушылардың айтуынша, босқындардың көпшілігінің Қырымнан кеткісі жоқ және болашақта Украинаға қайтуды ойлайды. Ал Ресейдің басқа аймақтарына жіберілгендер жағдайлары жақсы болады деп күткендерін айтады.

Сарапшылардың пікірінше, Қырымнан босқындарды көшіру шешімі Ресей федералдық миграциялық қызметтің 1 қыркүйекке дейін Қырым мен бірнеше облыстағы украин босқындарын уақытша паналату орындарын жабу туралы таяуда көтерген бастамасымен байланысты.

Ресей үкіметінің қаулысы бойынша, босқындар Мәскеуге, Мәскеу облысына, Санкт-Петербургке, Ростов облысына және Шешенстанға орналастырылмайды.

http://alashainasy.kz/sabaktar/53230/

Рубрика: