АЛТЫНОРДА
Новости

Қырым Украинадан бөлініп шығуы мүмкін

Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Қырым автономды республикасы парламентінің спикері Владимир Константиновтың мәлімдеуінше, Украинадағы жағдай тұрақталмаса Қырым өз алдына дербес ел болып бөлініп шығуы мүмкін.

Оның айтуынша, мемлекеттің мүлдем құлдырап, жоқ болып кетуі ғажап емес. Алайда, Қырымның Украинадан қалай бөлініп шығатындығы жайында ол сөз қозғаған жоқ.
4 ақпан күні Қырым парламентінде аталған мәселе онсыз да көтерілген болатын. Парламент мүшелері Украинадағы толқулар басылмаса Ресейден көмек сұрайтын болып шешкен. Сондай-ақ, депутаттар Қырым автономиясының мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту мәселелерін де қарады. Алайда, тәуелсіздік жайында сөз болған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қырым орталығы Симферопольде түбектің өз алдына жеке республика атануы немесе Ресейдің құрамына кіру мәселесі бірнеше рет көтерілген еді. Дегенмен, бұл жиындар нәтижесіз болды.
Қырымдықтардың пікірінше, Украинадағы қақтығыста оппозиционерлер жеңіске жетсе түбек тұрғындарының жағдайы жақсара қоймайды. Қайта керісінше, жаңа биліктен қысым көруіміз әбден мүмкін дейді олар.

http://baq.kz/kk/news/43826