Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырым Автономиялық Республикасының Жоғарғы кеңесі автономияны Ресей құрамына қосу туралы шешім қабылдады. ҚАР Жоғарғы кеңесінің тиісті қаулысы кеңес сайтында 6 наурызда жарияланды.

«Қырымның айналасында болып жатқан қоғамдық-саяси жағдайға қатысты қауіп-қорқынышымызды білдіре отырып, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдығына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған ұстанымдары мен нормаларына деген бұлжымастықты дәлелдей отырып, Қырым халқының өз еркін білдіруін жүзеге асыру мақсатында және Украинадағы мемлекеттік биліктің заңды органдарының жоқтығына байланысты, Қырым Автономиялық Республикасы Конституциясының 18 б. бірінші бөлімінің 7 т. мен 26 б. екінші бөлімінің 3 т. сәйкес ҚАР кеңесі Ресей Федерациясының құрамына Ресей Федерациясының субъектісі есебінде қосылуды қаулы етеді», — делінген қаулы мәтінінде.

Одан өзге, Қырым ЖК-нің кезектен тыс алқа отырысында жалпықырымдық референдумды ағымдағы жылдың 16 наурызында өткізу туралы шешім қабылданды.

«(…) ҚАР Жоғарғы кеңесі 2014 жылдың 16 наурызына (Севастополь қаласын қосқанда) жалпықырымдық референдум белгілеуді қаулы етеді», — делінген құжатта.

Қаулыға сай, референдумда Қырымды Ресейге РФ субъектісі құқығымен қосу және Қырымның 1992 жылғы Конституциясының әрекетін қалпына келтіру мен Қырымның Украина бөлігі есебіндегі мәртебесі секілді мәселелер енгізілмек.

Ең басым дауыс жинаған мәселе «Қырым халқының тікелей өз еркін білдіруі» болып саналатыны аталады.

Сондай-ақ ҚАР Жоғарғы кеңесі Ресей президенті мен РФ мемлекеттік думасының федералды жиналысына РФ құрамына Ресей субъектісі ретінде қосылу шарасын бастау туралы ұсынысымен жүгінгендігі де аталады.

http://www.aikyn.kz/articles/view/44154

 

Рубрика: