Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

1427264232_2wedfgh_8«Атам Мекен» парламенттік фракциясының отырысында Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары Қалыбек Сатывалдиев елде заңсыз берілген төлқұжаттардың саны 40 мыңға жеткенін мәлімдеді.
«Қырғыз азаматтарына төлқұжаттарды заңсыз беру бойынша істерді тергеу барысында жеке басты куәландыратын заңсыз құжаттардың саны бұған дейін хабарланғандай 30 мыңға емес, 40 мыңға жеткені анықталды», — деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, 2014 жылдан бастап заңсыз берілген төлқұжаттар фактісі бойынша 21 қылмыстық іс қозғалды, 11 адам жауапкершілікке тартылды, 2 адам үй қамауында отыр. Ұсталған бір азаматқа қатысты іс сотқа тапсырылды. Істе куәгер ретінде ҚР Мемлекеттік тіркеу қызметінің басшысы Алина Шайықова сұралды.
Қырғыз төлқұжаттарын заңсыз алғандардың арасында бұрын сотталған 58 азамат және іздеуде болған 8 азамат бар. Қ.Сатывалдиевтің хабарлауынша, қырғыз төлқұжатын заңсыз бергені үшін делдалдарға 200 доллардан бастап 1,5 мың долларға дейін төлеген.

http://zhebe.com/

Рубрика: