Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 13 мамыр. Baq.kz – Қырғызстан үкіметі Кеден Одағына кіру туралы жол картасының жобасын мақұлдады. Қырғызстанның экономика министрі Темір Сариев 12 мамыр күні Бішкекте жоба енді парламенттің халықаралық істер және бюджеттік саясат комитетінің талқылауына түсетінін айтқан.

Сариевтің сөзінше, үкімет жол картасын іске асыруды қаржыландыру және Кеден Одағы ережелеріне бейімделу жұмыстарын жүргізе беретінін айтты. 7 мамыр күні Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев Бішкек Кеден Одағына кіру мерзімін бір жылға шегере тұруға тырысып жатқанын айтқан еді. Ол қырғызстандықтар жол картасын мақұлдап, парламент пен үкімет қабылдаған соң Кеден Одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусьтің бекітуіне жіберілетінін айтқан.

http://baq.kz/kk/news/47052

Рубрика: