Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Жанторо Сатыбалдиев «Қырғызстан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» заңға біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде қаулыға қол қойды. Күшіне енген құжатқа сәйкес ендігі жерде Қырғызстан конституциясында атап көрсетілгендей, орыс тілі «ресми» мәртебесіне қарамастан, ісқағаздарын жүргізу барысында бұрынғыдай қолданылмайтын болады. Яғни мемлекеттік құжаттардың барлығы тек қырғыз тілінде жүргізіледі.

«Росбалт» агенттігінің хабарлауына қарағанда, таяу күндері бұл құжатқа енгізілген біршама өзгерістер ресми түрде Әділет министрлігінде бекітіледі. Әрине, бұл бастама біреулердің қытығына тиіп отырғаны да белгілі. Орыстілділер мұны конституцияға қайшы деген ұстанымда. Үкімет басшысының шешіміне елдегі орыс отандастар бірлестігінің одағы да наразы. Айтпақшы, осыдан біраз уақыт бұрын президенттің келісімімен жергілікті кеңестердің құжаттары қырғыз тілінде жүргізіліп келеді. Ал наурыздың басында президент Алмазбек Атамбаев орыс тілінің қолданыс аясын шектеу туралы заңға қол қойған. Өкінішке қарай, бүйректен сирақ шығаруға тырысқан қырғыздар да бар. Соған қарамастан үкімет президент пен үкімет басшысы батыл шешім қабылдағаны өзге елдерге сабақ боларлық.

 

http://www.aikyn.kz

Рубрика: