![]() Қырғыз тілін білуге бел буған қызметкерлер үшін оқу үрдісі үш кезеңнен тұрады. Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетіп оқыту негізінде білім алғандар іс қағаздарының нағыз білгірі болып шығатындығына ешкімнің күмәні жоқ. Осылайша аталған қаулы мемлекеттік тілді меңгеретіндерге толық жағдай жасап отыр. Үкімет аппаратының жетекшісі барлық кедергілерге, қарсы айтылар дауларға, пікірталас тудыратын мәселелерге қарамастан, қырғыз елі туған тілінің гүлденуі үшін барлық мүмкіндік жасалатындығын ескертті. Қазір барлық құжаттар ресми тілде жасалып, содан соң қырғыз тіліне аударылып жүрсе, енді елдегі жағдай мүлде басқаша болғалы тұр. |
http://www.aikyn.kz
Рубрика: Новости